![Павлодарда шыбын-шіркейлерді жою жұмыстары басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72757.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Павлодарда шыбын-шіркей қаптап кетті. Зиянкестерді жоюға бюджеттен 158 миллион теңге қаражат бөлінген. Әзірге оның жартысы игерілді.
Бірақ, мамыр айының ортасында басталған жұмыстардың нәтижесі айтарлықтай емес.
Мамандардың пікірінше, бұған өңірдегі өзен-көлдердің суының деңгейі шамадан тыс жоғарылауы себеп болып отыр. Оның үстіне су лайлы болғандықтан, биопрепараттардың шыбын-шіркей дернәсілін жоюға әсері аз.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда шыбын-шіркейлерді жою жұмыстары басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41009/)