![Аймақтарда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72765.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Өнегелі отбасы- елдің тұтқасы!». Аймақтарда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Тәлім-тәрбиенің мәйегі, берекесі мен бірлігі бекем жанұялар лайықты құрметтелді.
Жамбыл облысында байқауға өтініш білдірген 175 отбасының 22-і қатысты. Олардың арасынан Молдажановтар мен Молдабаевтар отбасы озық шықты.
Атырау облысында Аймұрзаевтар мен Қанатбаевтардың бағы жанды. Жеңімпаздарға Алматы қаласындағы «Қазақстан» шипажайына отбасылық жолдама табысталды.
Бас қаладағы ең үлгілі әулет - Елеусіновтер отбасы. Ал, республика бойынша жеңімпаз жанұя 2 қыркүйекте анықталмақ.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Аймақтарда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41025/)