![Макинск қаласында 34 баланы бауырына басқан отбасы тұрады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72794.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгінде олардың біразы өз алдына отау болып, шаңырақ көтерген жайлары бар. Бірлігі бекем, тірлігі тиянақты отбасында 9 ұлттың өкілі тату-тәтті өмір сүруде.
Серіктің де, Жаңылғанның да ата-аналары өмірден ерте өткен. Сондықтан олар отбасын құрғанда жетімдерді асырап алу туралы шешім қабылдайды.
Бүгінде өздерінің 5 перзентімен қатар 34 балаға ата-ана болып отыр. «Оларды ешқашан бөліп жарған емеспіз, қазақ ешқашан жетімін жылатпаған», - дейді отағасы.
Бірлігі бекем, тірлігі тиянақты отбасы ырыс алды ынтымағымен көпке үлгі болып отыр. Үлкен әулетке айналған Әкімбаевтар шаңырақ көтерген ұл-қыздарынан бүгінде 14 немере сүйген.
Пейілі кең жүрегі жомарт жандар алда тағы да бірнеше баланы асырап алуға ниеттеніп отыр. «Мүмкіндігіміз болып жатса бұл игілікті істі жалғастыра береміз», - дейді отағасы.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Макинск қаласында 34 баланы бауырына басқан отбасы тұрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41081/)