![Таразда дарынды жастарға құрмет көрсетілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72847.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Таразда дарынды жастарға құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев 100-ден аса түрлі білім сайыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың ұстаздарын құттықтап, сыйлықтар табыстады.
2014-2015 оқу жылы түрлі республикалық, халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарда 252 жамбылдық оқушы бақ сынаған.
Олардың 133-і өз білімдерін жоғары деңгейде танытып, жеңімпаз атанған.
Жалпы, еліміздегі пәндер олимпиадасы қорытындысы бойынша облыс командасы төрт жыл қатарынан бірінші орында келеді.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда дарынды жастарға құрмет көрсетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41184/)