![Мемлекеттік қызметті жаңғырту мәселесі талқыланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72854.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу «грейд» әдісі арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл - қызметкерлерді жауапкершілігі, басқарушылық қасиеті мен дербестігі бойынша бағалау.
Аталған бағадан кейін әр қызметкерге жеке жалақы белгіленіп, бонус берілмек.
Іріктеудің бірінші сатысы - Заң білімін тексеру, екіншісі - агенттікте берілетін сұхбат, кейін жұмыс беруші әңгіме өткізеді.
Сондай-ақ, іріктеуде қызметкердің өңірде жинаған тәжірибесі мен жоғары біліміне назар аударылатын болады. Бұл ұсыныстардың барлығы бүгін Сингапур Мемлекеттік саясат мектебінің деканы Кишор Махбубаниға жөнелтілді.
Әлия ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекеттік қызметті жаңғырту мәселесі талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41197/)