![Отбасы - махаббат пен түсіністіктен басталады - Владислав Демьянов](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72858.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Отбасы - махаббат пен түсіністіктен басталады. Әулетің мықты болсын десең, жарыңды да, балаңды да терезесі тең адамдай қабылда»,- дейді теріскейлік Владислав Демьянов.
Зағип жан ата-анасы мен жарының демеуінің арқасында толыққанды өмір сүруде.
«Ер-азамат болғаннан кейін отбасыңды асырау, оны сақтау, жарың мен балаларыңа таршылық көрсетпеу - парыз. Мүгедекпін деп ешкімге телмірген жоқпын. Көзім көрмесе де, аяқ-қолым сау. Неге біреуге алақан жаю керекпін?! Мені қолдап, жаңа жетістіктерге ынталандырған - отбасым», дейді ол.
Жуырда ғана облыстық «Мерейлі отбасы» байқауында топ жарған Владислав пен Анжеликаның жанұясы қазір республикалық сынға дайындық үстінде.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Отбасы - махаббат пен түсіністіктен басталады - Владислав Демьянов&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41204/)