![Семейде төтенше жағдай жарияланды (толығырақ)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72885.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Аяқ асты болған дауыл қала көшелерін астан-кестен еткен. Соққан қатты құйын жоғары вольтті желінің бірін үзгендіктен, 11 қосалқы электр станцияның жұмысы тоқтаған. Салдарынан 58 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды.
Қаладағы су сору станциялары да электр қуатының жоқтығынан жұмыс істеуін доғарған. 24 көліктің үстіне ағаш құлап, қираған.
Дауылмен қатар нөсерлеткен жаңбырдың салдарынан 10-нан астам көшені су басып, бағдаршамдар істен шығып, көлік қозғалысы қиындаған.
Ержан ЖАҚЫП
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде төтенше жағдай жарияланды (толығырақ)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41256/)