Астанада әйелін өртеп жіберген азамат туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада әйелін өртеп жіберген азамат туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

19.06.2015
Астанада әйелін өртеп жіберген азамат туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

Еске сала кетейік, Қанат Садуов есімді азамат 26 мамырда бұрынғы әйелі Светлананы елордалық мектептердің бірінің ауласында үстіне бензин құйып өртеп жіберген.

Бүгін құзырлы орган өкілдері азаматтың айрықша белгілерін жариялап, азамат жайлы ақпарат берген адамға сыйақы берілетіндігін айтты.

Олардың айтуынша ер азаматтың бойы 175-180 см. Көзі мен шашының түсі қара, ал денесі арықша келген. Соңғы рет үстінде күрте мен бейсболка және қара түсті спорттық аяқ киім болған.

Құрметті көрермен егер де сізге 42 жастағы азамат туралы қандай да бір нақты деректер белгілі болса,71-60-29, 71-60-22 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу