![Теміртау қаласында 5 жасар бала бесінші қабаттан құлап, аман қалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73027.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүлдіршін есік алдындағы күнқағардың үстіне түскен. Салдарынан, баланың іш құрылысына зақым келіп, жамбассүйегі сынған. Сәби дереу ауруханаға жеткізіліп, операция жасалды. «Қазір оның өміріне еш қауіп жоқ», - дейді дәрігерлер.
«Жедел жәрдем қызметі жылдам жұмыс істегенінің арқасында балаға тез арада операция жасалды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Бүгін оны жан сақтау бөлімінен палатаға шығардық. Өміріне еш қауіп жоқ», - дейді Теміртау қалалық балалар ауруханасының хирургы Игорь Маловичко.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теміртау қаласында 5 жасар бала бесінші қабаттан құлап, аман қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41535/)