![Бұдан былай судьялар 25 емес 30 жастан бастап тағайындалмақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73040.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін еліміздің ақпарат құралдары басшыларымен кездескен, Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, соттағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін, осы жылдың соңына дейін, барлық сот залдары, аудио-бейне бақылау техникасымен жарақтандырылады.
Сондай-ақ, алдағы уақытта, ғаламтор арқылы құжатқа қол жеткізіп, барлық құнды ақпаратты алуға мүмкіндік тумақ. Жиын соңында Қайрат Мәми, журналистер қауымын төл мерекесімен құттықтап, Құрмет грамотасы мен сый-сияпат табыстады.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бұдан былай судьялар 25 емес 30 жастан бастап тағайындалмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41559/)