![Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай аула клубтары арасында «Менің аулам» атты шара өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73054.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай аула клубтары арасында «Менің аулам» атты іс-шара өтті. Сайысты Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған.
Шара аясында түрлі спорттық ойындардан жарыстар өтіп, концерттік бағдарламаға ұласты.
Мерекелік шараға қаланың 14 аула клубтарынан 500-ден аса адам қатысты. Негізгі мақсат - жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Қатысушы барлық балаға ұйымдастырушылар атынан Астана қаласы бейнеленген кәдесыйлар мен сыйлықтар таратылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай аула клубтары арасында «Менің аулам» атты шара өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41587/)