![«Астана - есірткісіз қала» шарасы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73057.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Астана - есірткісіз қала». Бүгін осындай атаумен «Нұр Отан» партиясының Алматы, Есіл, Сарыарқа ауданы филиалдарының қызметкерлері арасында марафон өтті.
Аталған шарада арулар 1,5 шақырымға жүгірсе, ерлер 3 шақырымда бақ сынады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталып, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
«Іс-шараның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыру», дейді ұйымдастырушылар.
Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана - есірткісіз қала» шарасы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41593/)