![Ақтөбедегі пандустардың 80 пайызы талапқа сай емес](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73064.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтөбеде мүгедектерге ақпараттық-консультативтік қызмет көрсету жобасы жүргізілуде.
Алайда, оларды мазалайтын басты жайт - қаланың қоғамдық ғимараттарына еркін-кіріп шығу мәселесінің әлі күнге дейін шешімін таппауы.
Қалада орнатылған пандустардың 80 пайызы талапқа сай емес. Жеке кәсіпкерлік нысандарының көбіне мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына мүлдем жағдай жасалмаған.
Өткен жылы қаладағы 135 нысанның мүгедектер үшін қолжетімділігі тексерілген. Нәитижесінде, олардың 12-і ғана талапқа сай болып шықты. Мүмкіндігі шектеулі жандар одан бері де ештеңе өзгермегенін айтады.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбедегі пандустардың 80 пайызы талапқа сай емес&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41607/)