![Қостанай облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы табыс көзін тапқандар қатары артуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73106.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қостанай облысының Қарабалық ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасып, табыс көзін тапқандардың қатары жыл сайын көбейіп келеді.
Әсіресе, шағын несие алып, жеке кәсібін ашып жатқандар көп. Олардың көбі атакәсіп - мал шаруашылығымен айналысуда.
Бағдарлама басталғалы аудан бойынша 49 адам шағын несие алған. Оларға берілген қаражаттың жалпы көлемі - 90 миллион 800 мың теңге.
Биыл барлығы 34 миллион теңгеге 18 адам өтініш берген.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы табыс көзін тапқандар қатары артуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41689/)