![Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің отырысы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73116.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Алматыда Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің 20-шы мерейтойлық отырысы өтті.
Назарға алынған басты мәселе - Балқаш көлін сақтап қалу мен суармалы егін шаруашылығын дамыту.
Соңғы 10 жыл ішінде су қорын сақтап қалуға байланысты бірнеше шара атқарылған. Бүгінгі жиында игерілген істердің қорытындысына сараптама жасалды.
Сондай-ақ, мамандарды су шаруашылығының қазіргі күйі де алаңдатады.
Су қатынастарын реттеу, Балқаш-Алакөл бассейнінің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және облыстарды су ресурстарымен жабдықтау мәселесі талқыланды.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің отырысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41709/)