![Елордада «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт бастамалары» атты семинар өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73117.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт бастамалары» атты семинар өтті.
Шараны ұйымдастырушы - «Жібек жолы» бейбітшілік жүлдесі мен Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі.
Семинар барысында терроризммен күрес, әлемдік бейбітшілік және түрлі мәдениеттердің өзара түсіністік идеялары қамтылды.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының экономикалық және стратегиялық байланысының жақсаруы сөз болды.
Жиынға ғалымдар, саяси қайраткерлер және ҚР дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.
Нұрлан АСҚАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт бастамалары» атты семинар өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41712/)