![Ахметқалиевтар отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде топ жарған](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73127.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Отағасы Ануархан құрылысшы, ал оның өмірлік жары Айгүл мектепте жұмыс істейді. 3 баланың алды студент, қалған екеуі оқушы. Бір-сөзбен айтқанда, өнегелі, өнерлі отбасы.
Ән көңілдің, ал әйел үйдің ажары. Отбасының ұйытқысы болып отырған Айгүл өнерге бала кезінен үйір болған. «Ән шырқап, домбыра шерткенімді өмірлік жарым әрдайым қолдап отыратыны - мен үшін үлкен бақыт»,- дейді ол.
Ахметқалиевтар отбасы таяуда ғана «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде топ жарған. Бұдан соң облыстық байқауға да қатысып, өз өнерлерімен жиналған жұртты тәнті еткен.
Берік КӨШЕРБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ахметқалиевтар отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде топ жарған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41730/)