![Таразда екі полицей сотталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73147.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің қылмыстық полиция бөлімінің бұрынғы қызметкері Жамбыл Алашбаев «Есірткі саудасымен айналысатындардан тәркіленген психотропты және есірткі заттарын қайта айналымға түсірген».
Сот Алашбаевты 6 жылға абақтыға жапты және өмір бойына мемлекеттік қызметке қайта оралу мүмкіндігінен айырды. Және оның әріптесі Жанболат Қожақов та дәл осындай қылмысы үшін бес жылын түрмеде өткізетін болды.
Индира ТҰРСЫНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда екі полицей сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41770/)