![«Прогресс» кемесі бүгін таңертең ғарышқа самғады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73168.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Байқоңырдан «Прогресс» кемесі қайта ұшырыла бастады.
Бүгін оны Халықаралық ғарыш станциясына «Союз-У» зымырантасығышы шығарып салды. Бұл кеме космонавттарға азық-түлік, оттегі, отын және түрлі құрал-жабдықтар жеткізеді.
Бұған дейінгі «Прогресс» сәуірдің 28-де көкке самғаған. Бірақ, ол орбиталық бекетке қосыла алмай, мамырдың 8-де атмосфераның тығыз қабатында жанып кетті.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Прогресс» кемесі бүгін таңертең ғарышқа самғады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41811/)