![Тараздағы анасы ұрып-соққан 6 жасар бала туралы бейнематериал көпшіліктің жағасын ұстатты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73188.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Соңғы кездері баласын ұрып-соғып, қатігездікке бой алдырған деректер көбеюде.
Осындай оқиғалардың бірі Тараз қаласында болған. Бейнематериал ғаламторда жарияланып, көпшіліктің жағасын ұстатты.
Онда 6 жасар баланың денесіндегі ауыр жарақаттарына дүкен сатушысының бірі ем-дом жасап жатқаны түсірілген. Бойын қорқыныш билеген бала аты-жөні мен мекен-жайын айтудан бас тартқан.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тараздағы анасы ұрып-соққан 6 жасар бала туралы бейнематериал көпшіліктің жағасын ұстатты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41849/)