![Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көлік әкелетін заңды тұлғаларға лицензия алу міндеттеледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73234.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Топтап көлік таситындар енді Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінен сертификат алуы шарт. Заңды тұлға қажетті құжаттарын өткізгеннен кейін мамандар 15 күннің ішінде сараптап, лицензия береді.
Рұқсат қағазын алу - тегін. Ал, жеке адамдарға бұл талап жүктелмейді. Министрлік өкілдерінің айтуынша бүгінде еліміз бойынша ресми автодилерлер саны 30-ға жетпейді. Сондықтан автоорталықтар мен қызмет көрсету орындарына инвестиция тарту үшін бұл міндет орынды.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көлік әкелетін заңды тұлғаларға лицензия алу міндеттеледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41939/)