![Павлодар облысында қырылған малдардан сынама алынды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73244.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен демалыс күндері ауа райының күрт бұзылуы салдарынан еліміздің біраз аймақтарында уақ малдың қырылғаны жөнінде хабарлағанбыз. Шығын әсіресе, Павлодар облысында көп.
Шенеуніктер «қой-ешкі жаңбыр мен суық желден қырылды», деп мәлімет таратты. Ал, дерекке қарағанда бұл күндері ауа температурасы 7 градустан төмендемеген.
Бәйет ауылынан алты мыңға жуық қой-ешкі өретін. Соның 20 пайызы қырылды. Облыстың әр аудандарында қырылған уақ малдың саны үш мыңға таяу.
Өлген қой-ешкіден сынама алынып, Астанадағы зертханаға жіберілді. Оның нәтижесі келесі аптада белгілі болады.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында қырылған малдардан сынама алынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41959/)