![Алматыда қоғамдық көлік көше сыпырушы әйелді қағып кетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73250.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
№11 бағытпен жүретін қоғамдық көлік «Жібек жолы» базарына қарама-қарсы Райымбек көшесімен шығыс бағытқа қарай жүріп бара жатып, көше сыпырып жүрген «Алматы-Тазалық» қызметінің жұмысшысын соғып кеткен.
Кісі өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабы, 3-ші тармағы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды.
Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасы істің мән-жайын анықтауда. Шұғыл ақпаратқа «Оқиға алаңы» бағдарламасының бейнематериалы пайдаланылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда қоғамдық көлік көше сыпырушы әйелді қағып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41969/)