![Алматы облысында егін орағы басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73279.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы облысында егін орағы басталды. Биыл өңірде арпа мен бидай бітік шықты.
Ауыспалы егістік технологиясын қатаң сақтаудың арқасында еңбекшілер өнімділікті арттырып отыр. Сондай-ақ, шаруаларға мемлекет тарапынан да қолдау бар.
Облыстағы егіс алқабының төрттен бір бөлігі Кербұлақ ауданында. Өңір диқандары 80 мың гектардан дәнді дақыл жинауға кірісіп кетті.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында егін орағы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/42025/)