![Қазақстан мен Литва арасындағы заңсыз көші-қон тыйылмақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73283.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Парламент Сенатының жалпы отырысында Қазақстан мен Литва арасындағы заңсыз көші-қонмен күресті күшейтетін келісім қабылданды.
Бұл шартқа 2011 жылы 6 қазанда қол қойылған. Құжаттың күшіне енуі енді екі ел азаматтары үшін визасыз режим орнатуға негізгі шарт болмақ.
Сондай-ақ, сенаторлар «Еуразиялық экономикалық одаққа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа, Армения Республикасының қосылу хаттамасын ратификациялау туралы» Заңды қабылдады.
Бұл хаттама биыл 8 мамырда қабылданған. Қабылданған Заңдар Мемлекет басшысының қол қоюына жолданбақ.
Айбар ЖАҚСЫБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Литва арасындағы заңсыз көші-қон тыйылмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/42033/)