![Астанада банкомат тонамақ болған молдовалық үш азамат ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73288.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанадағы банкоматтардың бірінде ПИН оқылатын шағын камералар орнатылған. Бұл туралы қалалық ІІД-нің өкілдері мәлімдеді.
Ақпараттық жүйеге кіруге заңсыз мүмкіндік алып, тонау әрекетін жасады деген күдікпен Астана әуежайында Молдованың үш азаматы ұсталған.
ІІД қауіпсіздік қызметкерлерінен банкоматтардың бірінен видеокамераға ұқсас құрылғының табылғаны туралы хабар келіп түседі. Полицейлер тексеру барысында бұл құрылғының ПИН-кодты теру кезін видеоға түсіруге арналған бейнекамера екенін анықтайды.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандар Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Айбар ЖАҚСЫБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада банкомат тонамақ болған молдовалық үш азамат ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/42042/)