![Қанатбаевтар әулеті – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Атырау облысы бойынша жеңімпазы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73321.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қанатбаевтар әулетінің мұнай саласындағы еңбек өтілі мол. Бүгінде бұл мұнайшылар әулетінің атасы атанған Қанатбай қарияның немересі Жеңіс Қанатбаевтың жанұясы.
50 жыл өмірін мұнай-газ саласына арнаған ардагер мұнайшы зайыбымен бірге 6 бала тәрбиелеп өсірді. Олар да мұнай саласында қажырлы еңбек етуде.
Бүгінде Жеңіс Қанатбаев 6 баласынан 13 немере, 1 шөбере сүйіп, олардың қызығын қызықтауда. Ақсақалдың немерелері де мұнай саласында еңбек етуді қалайды. Демек, Қанатбаевтар әулетінің 6-шы ұрпағы да мұнайшы мамандығын игермекші.
Түтіні түзу, босағасы берік, шаңырағына береке-бірлік орнаған, ұрпағына еңбексүйгіштікті дарытып, саналы тәрбие бере білген Қанатбаевтар отбасы осылайша көпшілікке үлгі болып отырған жайы бар.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қанатбаевтар әулеті – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Атырау облысы бойынша жеңімпазы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/42106/)