![ОҚО-да сәбиді ұрып өлтірген бала күтуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73352.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Қазақстан облысында кейінгі кездері бала күтушілердің сәбилерді аяусыз ұрып-соғуы, мектеп мұғалімдерінің шәкірттерге қол жұмсауы жиілеп кетті.
Өткен жылы кәмелетке толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған сот мұндай бірде-бір іс қарамаған болса, биылғы жарты жылдың өзінде осындай іс-әрекетке барған бір мұғалім жазаға кесілді. Тағы бірінің ісі сотта қаралып жатыр.
Ал, өзіне сеніп тапсырылған сәбиді ұрып өлтірген бала күтуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 140 қылмыстық іс келіп түскен. Бүгінгі таңға оның 47-не қатысты сот үкімі шықты.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ОҚО-да сәбиді ұрып өлтірген бала күтуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/42165/)