![Ақмола облысына қарасты Игілік ауылында тұратын Бекмұхановтар жанұясы үш бала асырап алған](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73368.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Мерейлі отбасы» байқауында жеңіп шыққан жанұялардың бірі - Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Игілік ауылында тұрады.
Жұмат Бекмұханов пен Сәлима Маймышеваның отасқанына биыл - 28 жыл. Бүгінде олар 6 бала тәрбиелеп, үш жиен сүйіп отыр. 6 баланың үшеуін асырап алған.
«Оларды ешқашан бөліп-жарған емеспіз. Бірлігі бекем, шаңырағы биік отбасы болудың құпиясы қарапайым. Бұл - қазақи тәрбие, ұлттық дәстүр», дейді Жұмат пен Сәлима.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысына қарасты Игілік ауылында тұратын Бекмұхановтар жанұясы үш бала асырап алған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/42198/)