![Қорғаныс министрі әскери қыз-келіншектер арасында өткен «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарын марапаттады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73377.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарулы Күштердің әскери қызметші қыз-келіншектері арасында өткен «Батыр арулар» І республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Қазақстан әскерінің үздіктерін Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов құттықтады.
«Батыр арулар» байқауы Отан алдындағы қызметінде ер-азаматтармен тең дәрежеде иық тіресіп келе жатқан әскери қызметші қыз-келіншектерді табуға және олардың қызметі туралы білуге мүмкіндік берді», - деді министр.
Қатысуға өтініш берген сәттен бастап салтанатты рәсімге дейін қыз-келіншектер аруларға ауыр саналатын түрлі сынақтардан мүдірмей өтті.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қорғаныс министрі әскери қыз-келіншектер арасында өткен «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарын марапаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/42215/)