![Астана халқы танымал журналист Айжан Жұмабаеваны ақтық сапарға шығарып салды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73384.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Соңғы кезде Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті баспасөз орталығының директоры қызметін атқарған.
Халқына еңбегі сіңген танымал журналистің республикалық және астаналық бұқаралық ақпарат құралдарында 300-ден астам жұмысы жарияланған. Алты кітабы жарық көрген.
Бүгін оны туған-туыстары мен қадір тұтқан замандастары қимас көңілмен соңғы сапарға шығарып салды.
Қоштасу рәсіміне жиналған жамағат журналистика саласында жасалған еңбектеріне кеңінен тоқталды.
Ләззат БЕКТАС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана халқы танымал журналист Айжан Жұмабаеваны ақтық сапарға шығарып салды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/42228/)