![«Авиадартс-2015» байқауында қазақстандық ұшқыштар екінші орын иеленді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73596.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ресейдің Рязань және Липецк қалаларының әскери әуе айлақтарында өткен халықаралық «Авиадартс-2015» байқауында қазақстандық ұшқыштар үздік нәтиже көрсетіп, екінші орын иеленді.
Ресей, Беларусь және қытайлық әріптестерімен шеберлік байқасқан отандастарымыз барлық көрсеткіштер бойынша жоғары бағаға ие болған.
Халықаралық байқауға еліміздің әскери-әуе күштерінің Су-25, Су-27 және Ми-8 ұшақтары мен тікұшақтарының экипаждары қатысты.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Авиадартс-2015» байқауында қазақстандық ұшқыштар екінші орын иеленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/42630/)