![Қарағанды облысының көктемде су басқан ауылдарында құрылыс жұмыстары баяу жүргізілуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73678.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Көктемгі су тасқынынан елді мекеннің 80 пайызын су шайып, ауыл тұрғындары баспанасыз қалған.
Мердігерлік компаниялар ала жаздай 15 үйді ғана салып үлгерген. Себебі үкіметтің аудандағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге деген 2,5 миллиард теңге қаржысы күні кеше ғана түсе бастады.
Компания өкілдері қалған 180 баспананы жылу маусымы басталғанға дейін салып бітіреміз, деп уәде беруде.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысының көктемде су басқан ауылдарында құрылыс жұмыстары баяу жүргізілуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/42788/)