![Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73791.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мәжіліс депутаты Үржар, Аягөз, Жарма аудандарындағы 20-дан астам елді мекендерді аралады.
Ауыл тұрғындары маңызды сауалдарын Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновпен болған кездесуде жеткізді. Басқосуларда тұрғындар тарапынан көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтерілді.
Соның бірі - 30 жылдан бері жөндеу көрмеген «Қарағанды-Боғас» республикалық маңызы бар тас жолының «Аягөз-Баршатас» бөлігі. Ауыл жұртшылығы 225 шақырымдағы аудан орталығына 4-5 сағат әрең қатынайтындығын айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/43002/)