![Қарағанды облысында қымбатшылық жоқ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73818.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Теңгенің еркін айналымға шығуына байланысты Қарағанды облысында тауар бағаларының бірқалыпта болуын қамтамасыз ететін тұрақтандыру қоры құрылды. Қазіргі таңда сәбіз, пияз, қызылша, картоп, қант, күріш, өсімдік майы секілді азық-түліктердің жалпы 2 миллион 600 мың тоннадан астам қоры бар.
Жергілікті билік бағаны қадағалайтынын айтуда. Тауар құнын себепсіз шарықтатып жіберген кәсіпкерге шара қолданылатын болады. Сауда орындарындағы баға бірқалыпты. Тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ,-дейді билік өкілдері.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында қымбатшылық жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/43054/)