![ШЫҰ мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-ші отырысы өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73820.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда экстремизм қаупі сейілер емес. Бұл туралы бүгін Астанада еліміздің бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлімдеді. Дәл қазір Елордадағы Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-ші отырысы өтіп жатыр.
Асхат Дауылбаевтың айтуынша, түрлі алдын алу шараларының жүргізіліп жатқанына қарамастан, экстремизм мен терроризм қаупін толық сейілттік, деп айтуға әлі ерте. Сондай-ақ, бас прокурор Қазақстан үшін есірткінің жаңа түрлерінің пайда болуы өзекті проблемаға айналып отырғанын жеткізді.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШЫҰ мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-ші отырысы өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/43057/)