![«СОЮЗ ТМА-18М» ғарыш кемесі ұшуға дайын](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73862.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең таңертең 10 сағат 37 минутта «СОЮЗ ТМА-18М» ғарыш кемесі көкке көтеріледі.
Айдын Айымбетовке Каспий мен Арал маңын зерттеу жүктелген, сондай-ақ психофизикалық ахуалды да бақылау тапсырылды. Халықаралық ғарыш станциясында 75 тәжірибе сыналады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бүгін ғарышкерге сәттілік тіледі.
Еліміздің туын, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай шығарылған жалауша мен Қазақстан халқы Ассамблеясының туын салтанатты түрде табыстады.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«СОЮЗ ТМА-18М» ғарыш кемесі ұшуға дайын&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/43138/)