![Өрт салдарынан пойыз қозғалысы тоқтатылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73987.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Екі күнге созылған Орал қаласы маңындағы тоғай өрті ауыздықталды. Бірнеше саяжай аумағын шарпыған тілсіз жаудың салдарынан екі үй отқа оранып, 102 адам қауіпсіз аумаққа көшірілген.
Сондай-ақ, шаһардың Желаев станциясы аумағында бір гектар жер жанып, теміржолға төселген ағаштар жарамсыз күйге түскен. Осыған байланысты Орал-Ақтөбе пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылып, шойын жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Рауан ДИӘЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өрт салдарынан пойыз қозғалысы тоқтатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/43379/)