![Ақтөбелік Қарақовтар отбасы бақыттың кілті – еңбекте деп біледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_74047.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ұл-қыздарына тәлімді тәрбие беріп, туған өлкені, жер-ананы қадірлеуге үйрете білген Қарақовтар отбасы Ақтөбе жұртшылығына жақсы таныс. Бұл жанұяға ортақ қасиет – олардың туған жерді аялап, өмірлік ризықтарын да сол жерден таба білулерінде.
Ынтымағы жарасқан отбасы «бақыттың кілті – еңбекте» деп біледі. Бүгінде 20-ға жуық немере-шөбере сүйіп отырған ата-ана балаларына туған жерді қадірлей білу қажеттігін жиі ескертіп отырады. Осылайша Қарақовтар отбасы тынымды тірліктерімен, табиғатқа деген жанашырлықтарымен ауыл- аймаққа үлгі болып келеді.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбелік Қарақовтар отбасы бақыттың кілті – еңбекте деп біледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/43496/)