![Түркітілдес туысқан елдердің президенттері Астана саммитінде бас қосты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_74065.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Түбі бір Түркі бауырлас елдерді жалғайтын алтын көпір ортақ телеарна ашылады. Ақордада өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің 5-ші саммитінде Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
Бүгіннен бастап кеңеске Қазақстан төрағалық етеді. Сондай-ақ, президенттер ақпараттық кеңістік саласындағы қауіпсіздік мәселесін талқыға салды.
Түркітілдес туысқан ел басшыларының алғашқы саммиті 2011-ші жылы Алматыда өтті. Осымен 5-ші мәрте ұйымдастырылған биылғы саммит дағдарыспен тұспа-тұс келді. Осындай өтпелі кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас елдерді бірлікке шақырды.
Президенттер келер жылғы саммит «Түркі тілдес елдердің ұлттық ойындары» тақырыбы аясында өтетінін бекітті.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркітілдес туысқан елдердің президенттері Астана саммитінде бас қосты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/43531/)