![Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы қыза түсті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_74206.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Күні бүгінге дейін 4 жарым миллион гектардай алқаптағы егіннің тең жартысына жуығы орылды. Шаруалар барынша қысқа мерзімде бидайды ысырапсыз жинап қамбаға құйып алуға күш жұмылдыруда.
Дайындық ауылында жылда шаруа қожалығы 7 жарым мың гектар алқапқа егін егеді. Биыл бидайдың шығымы жақсы. Гектарынан 30 центнерден өнім алуда. Қуатты техникаларды тізгіндеген комбаиншылар ауа райының әрбір қолайлы сәтін тиімді пайдалануға тырысуда.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы қыза түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/43805/)