![«Даму» қоры кәсіпкер әйелдерді қолдау мақсатында несие беруде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_74215.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ел Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі әйел кәсіпкерлерді қолдап, бизнесін әрі қарай дамыту үшін ұлттық валютамен несие беруді бастады. Бірақ, оны 5 жылда қайтару қажет. Ең жоғары сомасы 550 миллион теңге. Ал, жылдық мөлшерлемесі - 14 пайыз.
Құжат «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдігімен рәсімделді. Бұған дейін кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін жалпы сомасы 3 миллиард 720 миллион теңге мөлшерінде несиелік келісім жасалған.
Бұл қаржы тек Астана мен Алматыда емес, өзге өңірлердегі кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталмақ.
Нұрлан НАУРЫЗӘЛІ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Даму» қоры кәсіпкер әйелдерді қолдау мақсатында несие беруде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/43822/)