![Астанада «Мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» акциясы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_74234.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Арнайы топ халыққа қызмет көрсету орталықтарымен әуежай, темір жол вокзалдарында ана тілімізде сөйлесуді насихаттайтын жадынама қағаздар таратып, акция мақсатын кеңінен түсіндірді.
«Мұндай бастамалар тіліміздің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейтеді»,-дейді ұйымдастырушылар. Іс-шара соңы елімізге танымал өнер ұжымдарының қатысуымен өтетін «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты мерекелік концертпен жалғасатын болады.
Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» акциясы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/43860/)