ОҚО, Абай ауылының тұрғындары құмырсқадан құтыла алмай әлек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО, Абай ауылының тұрғындары құмырсқадан құтыла алмай әлек

23.09.2015
ОҚО, Абай ауылының тұрғындары құмырсқадан құтыла алмай әлек

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Абай аулының тұрғындары бүгінде бұл мақалды «үй салу оңай, бірақ термиттен құтылу қиын», деп өзгертіп алған. Өйткені, аяқ астынан пайда болған сары құмырсқалар  баспаналардың ағашын кеміріп жеп, жүндей түтіп барады. 

Термиттердің тәлкегін айтқан халықтың жанайқайынан кейін аудан әкімшілігі жанынан шұғыл түрде арнайы жұмыс тобы құрылды. Санитар дәрігерлер, дезинфекция жасайтын мекеме қызметкерлері мән жайды толық зерделеп шықты.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу