![Өскеменде кездесіп жүрген қызының көлігін қасақана өртеп жіберген жігіт ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_74332.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қызыл жалын сол жердегі екінші көлікті де шарпып өткен. Ал, біраз уақыттан соң Ворошилов көшесінде тұрған 3 автокөлік жанып кеткен. Полицейлер, сол кезде-ақ, бұл машина иелеріне жасалған қастандық болуы мүмкін, деп болжам айтқан.
Көп ұзамай, алғашқы 2 көлікті өртеді деген күдікпен бір жігіт ұсталды. Жасы 19-да, Алматы облысының тұрғыны. Бұрын сотталған. Қазір күдіктінің қалған 3 көлікке қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Берік КӨШЕРБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскеменде кездесіп жүрген қызының көлігін қасақана өртеп жіберген жігіт ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/44049/)