![Тараздағы халықаралық «Әулие-ата» әуежайының құрылысы аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_74563.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
6800 шаршы метр аумақ - «Әулие-ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалы толық жөндеуден өтті. Әуежай сағатына 600, жылына 650 мың жолаушы қабылдауға қауқарлы. Жаңадан енгізілген «fast-tracking» технологиясы қызмет уақытын қысқартады. Жақында Тараздан тікелей Мәскеу, Анталия мен Дубайға рейстер ашылмақ.
Әуежайдың алғашқы жолаушыларының бірі Елбасы болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Таразға сапары кезінде «Әулие-атаны» аралап, заманауи терминалмен танысты. Жөндеу кезінде сатып алынған техникаларды сынап көрді. Жалпы жаңадан ашылған терминалға жоғары баға берді.
Әлия ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тараздағы халықаралық «Әулие-ата» әуежайының құрылысы аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/44495/)