![Алпыс мыңға жуық қандасымыз бірден Қазақстан азаматы атануы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_17663.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұған мүмкіндік беретін «Халықтың көші-қоны және жұмыспен қамту мәселелері туралы» заң жобасы Сенат комитенің отырысында қаралды. Құжат этникалық қазақтарға азаматтық алу мерзімін қазіргі төрт жылдан бір жылға дейін қысқартады.
Сондай-ақ, ата жұртына көшіп келген бойда тұрақты тіркеуге алынып, оралман мәртебесі беріледі. Әлеуметтік қолдау шаралары да қарастырылған. Сондықтан, заң жобасы қабылданса, қазіргі таңда ықтияр хатпен жүрген 60 мың қандасымызға осы жылы-ақ азаматтық алуға мүмкіндік туады.
Индира БЕГАЙДАР

![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алпыс мыңға жуық қандасымыз бірден Қазақстан азаматы атануы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/44965/)