![Қытай төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты G-20 саммитіне шақырды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_20880.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
![Қытай төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты G-20 саммитіне шақырды Қытай төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты G-20 саммитіне шақырды](http://kaznews.kaztrk.kz/uploads/posts/2016-01/1453277429_b3879ad9-df9b-4a63-ac58-16adc82c5868_mw1024_s_n.jpg)
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты келер күзде өтетін G-20 саммитіне қатысуға шақырды. Бұл туралы Қытай халық республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй мәлімдеген.
«Бір белдеу-бір жол» деп аталатын халықаралық конференцияда Қытай елшісі өз елінің «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысуға Қазақстан Президентін де шақырғанын айтқан. G-20 саммиті 2016 жылдың 4-5 қыркүйегінде Қытайдың Хуанчжоу қаласында өтеді. Биыл G-20 форумына Қытай елі төрағалық жасайды. Осы жолғы форумда «Инновациялық, саламатты, өзара байланысты және инклюзивті жаһандық экономика құру» деген тақырып талқыланады. Бұдан бұрыңғы G-20 саммиті Түркияның Анталия қаласында 2015 жылдың күзінде өткен-ді. Оған Қазақстан Президенті қатысқан жоқ.

Kaznews.kaztrk.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытай төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты G-20 саммитіне шақырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/46830/)