![Ақтөбе облысында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_21493.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтөбе облысының Алға ауданында былтыр «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құны 51,6 миллион теңге болатын 6 жоба іске асқан.
Ауқымды жұмыстардың нәтижесінде, өнеркәсіп саласындағы өнім көлемі 5 миллиард 710 миллион теңге болды. Аудандағы 1 700-ден астам кәсіпкерлік нысанда 5 жарым мыңға жуық адам еңбек етеді.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 21 кәсіпкер жеңілдетілген пайызбен несие алып, істерін кеңейтуге мүмкіндік алған. Ал, «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында ашылған ет өңдеу кешеніне 88 адам жұмысқа қабылданған.
Жақсыбек КЕМАЛ

![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/47091/)