![Шахтинскіде «Ел халқы достығымен мықты» атты облыстық ұлттық мәдениет фестивалі өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_25009.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
![Шахтинскіде «Ел халқы достығымен мықты» атты облыстық ұлттық мәдениет фестивалі өтті Шахтинскіде «Ел халқы достығымен мықты» атты облыстық ұлттық мәдениет фестивалі өтті](http://kaznews.kaztrk.kz/uploads/posts/2016-04/medium/1461557582_vlcsnap-2016-04-25-09h50m32s160.png)
Фестиваль ережесіне сай, жас өнерпаздар өздерінің концерттік бағдарламалары арқылы Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін көрсетулері керек. Бұл үшін студенттер 1 ай дайындалған. Сахнада түрлі ұлт өкілдерінің ән мен биі орындалып, өлеңдері оқылды.
Бүгінде Қарағанды облысында 100-ден астам этнос өкілі тұрады. Өңірде 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Ұлты мен діні, тіліне қарамастан барлығы тату-тәтті тұрып жатқанын жалынды жастар жарасымды кеште көпшілік назарына сахна тілімен ұсына білді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шахтинскіде «Ел халқы достығымен мықты» атты облыстық ұлттық мәдениет фестивалі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/49096/)